Жаңартушы

lat: Jańartýshy

зат есім. Жаңалық әкелуші, өзгертуші.

Біз Майлиннің кейіпкерді ауыл ортасынан өсіріп, сол ауылды жаңартушы деңгейіне жеткен өкілі ретінде шебер көрсеткенін аңғарамыз (Ф.Оразаев, Басты.). Мына өзі басқарып отырған еңбек комиссариаты Жалғанды жаңартушы өркен өрістетпекті ойлайды (С.Бегалин, Замана.). Әдетте ауылға барған интеллигенттер туралы шығармаларда бұрын ауылда түк істелмей жатқаны суреттелетін де, жас кейіпкер сол дүниені жаңартушы есебінде көрінуші еді (С.Қирабаев, Октябрь.).