Жағымсыз, ұнамсыз, сүйкімсіз, беяпар

lat: Jaǵymsyz, unamsyz, súıkimsiz, beıapar.

Жағымды емес, сүйкімі жоқ.

Әлдебіреулер мені елге жағымсыз, мінезі шатақ, жанның бәрін ит етінен жек көретін жексұрын адам дейді (А. Жағанова).

Ол үстіндегі арестант киімін тастап, моншаға түсіп тазалап алса да ұнамсыз аттан құтылмады (Ә. Нұрпейісов).

Жібер мені военком, емеспін сияр көшеге, бұл жүргенім бойға мін, сүйкімсізбін шешеме (Д. Әбілев).

Осы кезде жігіттің жексұрын беяпар даусы құлаққа жетті (I. Есенберлин).