lat: Jaǵyna oqtaý [pyshaq] janyǵandaı [jaǵyna pyshaq janıtyn]
Жүдеп-жадаған, арып-азған. Шал танымастай болып өзгеріп кеткен.
Көзі қып-қызыл, жағына о қ т а у жанығандай (Д.Досжанов, Тұлпар.). Не бола қапты дегендей Жаңылға онша ұнатпай қарадым, өңі тайған, бетінде теріден басқа түк ет қалмапты, жағы пышақ жанығандай (Б.Нұржекеев, Күй толғақ). Тани кетті Ақбілек: … шынжау етті, шың бетті, жағына пышақ жанитын, бір көргеннен танитын Іскендір екен кәдімгі (Ж.Аймауытов, Ақбілек). От басына таяуырақ ұзынша шоқша сақалын сипап қойып, жағына пышақ жанығындай болып Мүсірәлінің өзі отыр (С.Сейфуллин, Шығ.).