Жабық атыс позициясы

lat: Jabyq atys pozısıasy

ә с к. Қарсыластың жерүсті бақылауынан оқ жарқылын, шаң мен түтінді, материалдық бөлікті тасалап жасыратын жергілікті жер қатпарлары немесе елді мекен, орман сыртында артиллериялық бөлімшелер немесе жеке қарудан атыс жүргізу жаттығуына арналып дайындалған немесе алынып қойылған жер телімі. Әуе бақылауынан бой тасалау бүркеніш көмегімен жүзеге асырылады. Ж а б ы қ а т ы с п о з и ц и я с ы н а н атыс жүргізудің барлық жағдайында зеңбірек есептобы нысананы көрмей атыс жүргізеді (Қаз. тілі термин. Әскери.).