Жабық дүкен [магазин]

lat: Jabyq dúken [magazın]

Белгілі адамдарға ғана өлшеммен, нормамен тауар беретін сауда орны. Жазушылардың үйі: жер бетіне терезелері ғана көрінетін астыңғы қабатында басшылардың ж а б ы қ м а г а з и н і бар жалғыз қабат болса да еңсесі биік, көк төбелі, әдемі үй екен (Ә.Әбішев, Үлкен жол.). Оларға жұмасына екі рет аудан орталығындағы ж а б ы қ д ү к е н н е н нормаланған азықүлік берілді (Е.Оразақов, Дәрігер.).