Жалпы алғанда

lat: Jalpy alǵanda

Жаппай айтқанда.

Жалпы алғанда, бақыт деген не? Сәрсен мен Сақыштың жаңағы мен көрген жиһазы, дүниеге толған төрт бөлмелі пәтері, ғалым деген аты, ерлі-зайыпты екі адамның талассыз тату-тәтті өмірі ғана ма? (І.Есенберлин, Алтын құс).

Жалпы алғанда, біздің колхоз егіншілерінің бұған дейінгі табысын жұрт жаман атамайтын көрінеді (К.Баялиев, Жер.).

Жалпы алғанда  қазақтың ХХ ғасыр басындағы ақын-жазушылары дәуірдің көкейкесті мәселелерін, халықтың хал-жайын жырлады (Б.Кенжебаев, Қаз. дем. жазушы.).