Жалпы алғанда

lat: Jalpy alǵanda

Жаппай айтқанда. Ж а л п ы а л ғ а н д а, бақыт деген не? Сәрсен мен Сақыштың жаңағы мен көрген жиһазы, дүниеге толған төрт бөлмелі пәтері, ғалым деген аты, ерлі-зайыпты екі адамның талассыз тату-тәтті өмірі ғана ма? (І.Есенберлин, Алтын құс). Ж а л п ы а л ғ а н д а, біздің колхоз егіншілерінің бұған дейінгі табысын жұрт жаман атамайтын көрінеді (К.Баялиев, Жер.). Ж а л п ы а л ғ а н д а қазақтың ХХ ғасыр басындағы ақыназушылары дәуірдің көкейкесті мәселелерін, халықтың халайын жырлады (Б.Кенжебаев, Қаз. дем. жазушы.).