Жалпы бейімдеу синдромы

lat: Jalpy beıimdeý sındromy

организмнің сыртқы ортаның үйреншіксіз, тосын, кездейсоқ факторларына (стрессорларға) қайтаратын жалпылама нейрогуморальды реакциясы - жауабы. Бұл терминді канада ғалымы Г.Селье (1936ж) ұсынған. Негізінен стресс деп гомеостатикалық механизмдердің активтену реакциясын айтады, ал организмнің өзгерген жағдайларда əрекет етуге бейімделуін қамтамасыз ететін процестерді адаптация дейді. Үздіксіз əсер ететін стрессорға организм қайтаратын реакция үш сатыда жүреді: дабыл сатысы, төзімділік сатысы, қажу сатысы.