lat: Janýarlar anatomıasy
Жануарлар ағзасының құрылысын зерттейтін ғылым.
Қазақстанда жануарлар анатомиясы саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары Алматы зоотех-мал дәрігерлік институты (қазіргі Қазақ Ұлттық Аграрлық университеті) мен Алматы Мединститутының анатомия кафедрасында басталды (ҚҰЭ). Қазақстанда жануарлардың салыстырмалы анатомиясының дамуына ҚҒА-ның корреспондент мүшесі В.А.Догель мен академик В.Н.Беклемишев және олардың шәкірттері зор үлес қосты (ҚҰЭ).