Жан кіргендей

lat: Jan kirgendeı

Тірілгендей, бойына қан жүгіріп, жан біткендей. Жан кіргендей қозғалдым, Тұла бойым шымырлап. Жан-жағыма көз салдым, Сөйлейін деп қыбырлап (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).

Алды жаз, ескек аңқып жел жүргендей

Екі ерні ерте піскен бүлдіргендей.

Қасынан бір моланың жүріп кетсе,

Жыбырлап көрдегіге жан кіргендейЖансүгіров, Шығ.).