lat: Janar qazbalar
к е н. Жанғыш заттар ретінде пайдаланылатын жер қойнауынан алынған мұнай, көмір, табиғи газ сияқты заттар.
Мұнай, көмір, табиғи газ, жанғыш сланец секілді жанар қазбалардың, сондай-ақ рудалы және бейрудалы минералдық қазбалардың қорын айыра білу керек (Т.Қалыбеков, Экология және ашық кен).
Пайдалану нәтижесінде жанар қазбалар біржола жойылады (Т.Қалыбеков, Экология.).