lat: Janarmaı qory
т е х. а) Отынға (жанармайға) қажеттілікті және онымен қамтамасыз етуді есептеудің есептік- жабдықтау бірлігі.
Ұшақ, тікұшақ, танк, кемелер үшін жанармай қоры – отындық жүйеге енетін немесе онымен конструкциялы түрде байланысқан бактарға (цистерналарға) сыятын отынның (жанармай) жиындық мөлшері; дөңгелекті техника (автомобиль, БТР және, т.б.) үшін белгіленген қашықтықтағы мәшинелердің жанармай қорын қамтамасыз ететін отын (жанармай) мөлшері (Қаз. тілі термин. Әскери.).
ә) Автомобиль, ұшақ, танк, басқа да әскери техникалар мен кеме цистерналарын отынмен (жанармаймен) толтыру үдерісі.