Жанармай қоры

lat: Janarmaı qory

тех. а) Отынға (жанармайға) қажеттілікті және онымен қамтамасыз етуді есептеудің есептік-жабдықтау бірлігі. Ұшақ, тікұшақ, танк, кемелер үшін ж а н а р м а й қ о р ы отындық жүйеге енетін немесе онымен конструкциялы түрде байланысқан бактарға (цистерналарға) сыятын отынның (жанармай) жиындық мөлшері; дөңгелекті техника (автомобиль, БТР және, т.б.) үшін белгіленген қашықтықтағы мәшинелердің жанармай қ о р ы н қамтамасыз ететін отын (жанармай) мөлшері (Қаз. тілі термин. Әскери.). ә) Автомобиль, ұшақ, танк, басқа да әскери техникалар мен кеме цистерналарын отынмен (жанармаймен) толтыру үдерісі.