lat: Janartaý atqylaýy
г е о г р. Өте қатты ыстық кесектердің, сұйық лавалардың жер бетінен көрініс беру үдерісі.
Жанартау атқылауы тек қана лавалардың төгілуімен немесе осфы процеспен орайлас өрбитін қопарылыстармен сипатталады, қопарылыс барысында құрылымындағы газдар және сол магма есебінен қалыптасқан кесектер мен күлдер зор қарқынмен аспанға атылуы ықтимал (Қаз. тілі термин. Геология).
Жанартау атқылауының ұзақтығы бірнеше сағаттан бірнеше жылға дейін, кейде одан да көп уақытқа жетуі мүмкін (Қаз. тілі термин. Геология).
Жанартау атқылауының сипатына қарай жарылыстық атқылау, вулкандық типі атқылау, гавайалық типтегі атқылау, пелей типтегі атқылау және т.б. болып сараланады (Қаз. тілі термин. Геология).