Жанартау конусы

lat: Janartaý konýsy

г е о л. Жанартау көмейі төңірегінде сол жанартау өнімдері есебінен қалыптасатын қиық конус пішіндес құрылым.

Жанартау конусының сырт келбеті лавалар мен борпылдақ материалдардың арақатынасы мөлшерлерімен анықталады (Қаз. тілі термин. Геология).

Әдетте жанартау конусының орта тұсында жанартау тостағаны орналасқан (Қаз. тілі термин. Геология).