lat: Janr
[француз тілі. genre] зат есім. әдебиеттану. Әдеби шығармалардың жеке түрлері, көркем әдебиеттің салалары.
Халық даналығын біз Әуезовтің әр жанрда жазған алуан-алуан еңбектерінде кездесетін төл, қолтума нақылдарынан, ғаламат қанатты сөздерінен танып білеміз (М.Әлімбаев, Өрнекті сөз.). Әдебиеттегі жанр – әлем әдебиетіндегі немесе нақтылы бір ұлттық әдебиеттегі белгілі бір дәуірде қалыптасқан, ортақ типологиялық, т.б. белгілері бар көркем шығармалар түрлерінің жүйесі (ҚҰЭ). Эпостық жанрларға эпикалық кең тартыс, көп желілік, мазмұн қоюлығы, баяндау стилі тән (ҚҰЭ). Асқар ақынның осы тәрізді сықақ өлеңдері маған өте ұнайды. Оның басқа лирикалары, «Фатиманың хаты» тағысын басқа өз алдына, түбінде осы жанрды ол әлі де кеңейте, тереңдете түсуі сөзсіз (Қ.Жұмалиев, Жайсаң жан.).