әдеби шығарманың көркем түрінің типі. Газеттерде сан алуан жанрларда жазылатын материалдар болады. Олар: корреспонденция, мақала, аңғарат, шолу, есеп, интервью, (рецензия, очерк, фельетон т. б.). Әрбір жанр өзінің композициялық құрылысы және стилистикалық ерекшеліктерінің жалпылығына қарай сипатталады. Ол ерекшеліктер әрбір жанрдың өзіне ғана тән болады. Әр жанрдың өзі бірнеше түрге бөлінуі мүмкін. Мысалы, есептердің өзі жалпы (тікелей), тақырыптық, түсініктеме, ал репортаждар оқиғалы, тақырыптық, мәселе қою сияқты болып келе береді.