lat: Japalaq tárizdiler
зоологиялық. <латын тілі. strigiformes> Түнде тіршілік етуге бейімделген жыртқыш құстар отряды.
Жапалақ тәрізділердің төменгі эоцен дәуірінен бері тіршілік етіп келе жатқаны белгілі (ҚҰЭ). Жапалақ тәрізділердің қауырсыны – сарғыш қоңыр, жұмсақ. Басы үлкен, тұмсығы имек, тырнағы өткір болады (ҚҰЭ). Жапалақ тәрізділер жәндіктермен, кемірушілермен қоректенеді (ҚҰЭ).