Жапсарлас

lat: Japsarlas

сын есім. 1. Аралары жақын, қанаттас.

Ауылдың диқандары жапсарлас аудандарға барып астық әкеліп жүрді (К.Әміров, Өшп. жұлдыз.). Арал теңізінің деңгейі төмен түсіп, тартылып кетуі онымен жапсарлас жатқан Аяққұм бойында да әсерін тигізбей қойған жоқ («Қаз. әдеб.»). 2. Қабырғалас, іргелес, көршілес. Жапсарлас үйде отырған балалар арасынан шаң-шұң шықты (М.Қаратаев, Далада.). Едіге қақпамен жапсарлас орналасқан кассаға барып, он тиынға билет алып, ішке кіре берген еді, алдынан қарына коньки қыстырған екі қыз шыға келді (М.Мағауин, Көк мұнар).