Жапсыру

lat: Japsyrý

Жапсыр етістігінің қимыл атауы. 1. Жамап-жасқау, желімдеу, ілу.

Жапсыру, сурет салу, модель құрастыру, ойыншықтарын жамап-жасқау, жөндеу балаларды еңбекті, творчествоны сүйе білуге үйретеді (Семья тәрбиесі). 2. Тағу, қадау. Терезеге жапсыруға жөнді нәрсе таба алмай ма екен? (Б.Майлин, Шығ.). 3. Үстемелеу, қосу. Өздеріңе үстеме жұмыс жапсыруға соншалық несіне құмарсыңдар, осы?! (С.Қасиманов, Сиқырлы.).