Жапсырулы

lat: Japsyrýly

сын есім. 1. Ілулі, қадаулы.

Ақын жырының бәрі плакат боп басылып, Ленинградтың әр үйінің қабырғаларында жапсырулы тұрады (Ә.Нұршайықов, Тың астығы). 2. Желімдеулі, қыстырулы. Мынау кім, папасының суреті ме? Тұр хаттың жапсырулы бір бетінде (З.Шүкіров, Арал.). 3. Тігулі. Сарқасқа белбеуін шешіп жіберіп, ішкі жеңсіз бешпентінің қолтығына жапсырулы тұрған кішкене қара шүберекті сөге бастады (С.М.Мыңжасарова, Қыр қыз.).