lat: Japsyrma
зат есім. 1. Бір заттың бетіне жамала тігілетін жіңішке, қиық мата, таспа.
Омыраудағы жапсырма үлгектері, жағасының ұштары шоқтай қызыл сұр шинель, басында төбесі шошақ, Ақық бұрын көрмеген, бір түрлі бөрік (Н.Ғабдуллин, Шығ.). 2. Көлемі әртүрлі, металдан істелген жұқа бастырғы. Аң пішіні қимылымен берілген «аң стилі» деп аталатын қола жапсырма (ҚазССР тарихы). 3. жергілікті сөз. Күректің басына сабын ендіру үшін оның екінші бетіне жапсыра қағылатын бір жағы ойыстау келген жалпақша темір. Көптен ұсталып келе жатқан белдеме екен, жапсырмасы сынып қалыпты (Қаз. тілі аймақ. сөздігі).