Жапсырма

lat: Japsyrma

біріктірудің ең күрделі тәсілі болып табылады. Өйткені мұнда суреттік көркемдеу дәптердің ішіне өзіне қатысты мәтіндер орналастырылған бетке жайғастырылады. Қолайлы деген кезде ол дәптерлердің ажырамасына желімделеді. Бірақ көп ретте, оған қажетті орынды ашу үшін әуелі дәптердің түбінің ілгегін кесуге тура келеді. Бұл жұмыс қолмен орындалады. Сондықтан бірен-саран аз таралымды ғылыми не аса көркем шығармалық басылымдар болмаса, бұл біріктіру амалының қолданыс шеңбері шектеулі. Жапсырма - кітаптың негізгі парақтарының арасына қажетті жерде белгілі бір суреттер, кестелер, карталар ретінде, тағы басқа да, жеке қағаздар түрінде осы кітап бетінің пішімі немесе одан үлкен мөлшерде бүктемелі тәсілмен енгізілген қосымша.