Жақсысын асырды, жаманын жасырды

lat: Jaqsysyn asyrdy, jamanyn jasyrdy

Жұрт көзінше намысын қорғады, сыр бермеді, көтермеледі, қолдады.

Бірінің де боғын жуып, жақсысын асырып, жаманын жасырып адам секілді қылып, осы ауылды адам қатарына қосқан сол емес пе еді (М.Әуезов, Таңд. шығ.).