Жақтау, қорғау, қолдау, қоштау, қостау, құптау, мақұлдау, қуаттау

lat: Jaqtaý, qorǵaý, qoldaý, qoshtaý, qostaý, qúptaý, maquldaý, qýattaý

Біреудің іс-әрекетін, пікірін дұрыс деп табу, сөзін сөйлеу.

Зұлқияның ұсынысын сессияға қатысқан көп депутаттар жақтады (М. Иманжанов).

Қадишаның мінезін білетіндер Айманкүлді қорғап: «Пейілінен тапты дейсің бе?» - десті (Б. Тілегенов).

Механизаторлар істің мәніне түсінгеннен кейін бірден қолдап, қостап кетті (Ә. Нүршайықов).

Меніңше, негізінен дүрыс шешім қабылдағансыз, генералда қоштар деп ойлаймын (Б. Момышұлы).

Меніңше, осы пікірді қазір отыз-қырықтағылар, ой түйген азаматтар қостар еді (М. Әлімбаев).

Бұл атауға Рамазан да, басқалар да қарсы болмай, құптау айтты (М. Ғабдуллин).

Жиналыста Тұрсынбай сөйлеген кезде отырғандардың айызы қанып, бас шұлғып, мақұлдап отыратын (А. Жақсыбаев).

Жұмысшылар бірінен соң бірі шығып сөйлеп, комиссарды қуаттады (К. Сейдеханов).