lat: Jaqyńdaý
с ы н. Белгілі бір тұсқа тақау, таяу.
Күн аралатып Ертіске жақындау салынған ақ үй сыртында Жәмиламен кездесіп қалады (Р.Тоқтаров, Терістік.).
Кеше кешқұрым екеуі аралары жақындау екі төбеге қатар көтерілген (С.Жұбатыров, Алтын.).
Бір етігім жағаға жақындау бір жерден табылды да, екінші етік табылмады (Х.Рахимов, Қызғалдақ.).
Тұрғанды маған жақындау,
Сыпайы ғана жас жігіт,
Сыпайы ғана, затын да
Жібекпен буған тас қылып (С.Жиенбаев, Алтын қалам).
Қаралары бір-біріне жақындау салынады (С.Мыңжасарова, Замандас.).