Жақындау, тақау, таяну, таялу, жуықтау, маңайлау, жетіңкіреу

lat: Jaqyndaý, taqaý, taıaný, taıalý, jýyqtaý, mańaılaý, jetińkireý

Жақын келу, таяп қалу.

Біз биікке жақындағанда алты тазы бірінің соңынан бірі тізіліп биіктен асты (Қ. Тайшықов).

Жау ес жинап, жан-жағынан қапталдап, әсіресе арғы жағынан тақап қалды (Ғ. Мүсірепов).

Ол білген жоқ, үйіне таянғанда ғана жалт қарап, менің қатарласып қалғанымды көрді (Ж. Өмірбеков).

Мектепке таялғанда бұлардың алдынан орта жастағы әйел - Сәлімнің мұғалімі күліп шығып қарсы алды (Н. Ғабдуллин).

Уақыты жақындап, практикасы бітер сәт жуықтаған сайын әлденеге тынышсызданып, өз-өзінен дегбірсізденіп қалатын болып жүр

(С. Сматаев).

Көлікті кісі түгіл жалғыз-жарым жаяулар да теңіз жағасына маңайлап бара алмайды (Ә. Нұрпейісов).

Арттағылар жетіңкірегенше тоса тұралық, әйтпесе бізден көз жазып қалар, - деді Нүрлан («Қаз. әдеб.»).