Жар етістігінің қимыл атауы. 1. Қопару, ату. Өз адамдарымыздан шығын шығармау үшін, казарманың 4 бұрышына мина қойып жаруды жөн көрдік (Қ.Қайсенов, Жау тылы.). 2. Жаңқалау, бұтарлау, бұтау. Жуан ағашты төртке бөліп турап тастағаннан кейін Досан оларды жаруға кірісті (Н.Ғабдуллин, Өмір.). 3. Бөлу, айыру, ортасынан өту. Солардан күндіз-түні тәлім алып, Шөлдерді дариядай жарып ағып. Қалғыған қараңғыда қалың елді, Оятты ойлы Шоқан дабыл қағып (С.Мәуленов, Алыс кет.). 4. Тілу, кесу, ақтару. Бұл жерге мен кеткен соң, самұрық келер. Маяны іліп алып, биікке өрлер бір жерге қонғаннан соң ж а р-дағы шық (Абай, Тол. жин.). // Жарылыс. Қазіргі уақытта техникалық көзқарас тұрғысынан алып қарағанда, жер астындағы ядролық жаруларды табу әбден мүмкін іс екендігін ескеру шарт («Соц. Қаз.»).