Жарушы

lat: Jarýshy

зат есім. Жару ісін атқарушы. Проходшылар бригадасы түгелімен осында. Скреперші жарушылар мен қосалқы жұмысшылар да бар (М.Сәрсекеев, Жетіжылдық.). Балық жарушы. Балықтың ішін ақтарып, тазартушы. Кең есіктен шапшып кірген су бораны кейде балық жарушылардың үстін жауып өтеді (Ә.Сәрсенбаев, Толқында.). Қадишаның ұстазы цехтың атақты балық жарушысы Бәтима Жақабаева болды (С.Хайдаров, Теңіз самалы).