Жарғанат

lat: Jarǵanat

зат есім. зоологиялық. <латын тілі. vesper tilioidei> Жарғақ қанатты, түнде ұшып, ұсақ жәндіктермен қоректенетін, сүтқоректілерге жататын кішкене жәндік.

Тоты құс жарғанатқа пенде бопты, Бұқарым, айтар мінің осы-ақ екен (Үмбетей Жырау, Толғау.). Дәл құлақтың түбінен зу етіп жарғанат ұшып өтті (Ш.Мұртазаев, Мылтықсыз.). Кешқұрым ұшып жүрген жарғанат бұтаққа қонақтап отырған торғайды қанатымен қағып оятып жіберді (А.Сарбөпин, Алақарға.).