Жарғанатша

lat: Jarǵanatsha

үстеу. Жарғанат тәрізденіп, жарғанатқа ұқсап.

Жаялықша жалпиған, жарғанатша қалқиған, жермен-жексен шым қора, бейнеуі жоқ қора (Ж.Аймауытов, Шығ.). Мен бір үйді паналап, оның тасасында жарғанатша жабысып тұрмын (Б.Момышұлы, Москва.). Жұрт көзбен байқайтынды мен жарғанатша, сезіммен ұстаймын (Р.Тоқтаров, Терістік.). Қомыт үзікке жарғанатша жабыса түсті Нағым (А.Жүнісов, Өмір.).