lat: Jarǵanattaı
сын есім. 1. Жарғанат сияқты, жарғанат секілді.
Ойпаңға қарай құлдырап түсіп келе жатқан келіншек бозшулан мақұлықты көзі шалып, тік жарға жарғанаттай жабыса қалды (А.Мекебаев, Жезтырнақ.). 2. ауыспалы мағына. жағымсыз. Бәтуасыз, тұрақсыз, сенімсіз. Оны жарғанаттай Жәлеләддин қарсы алды (Т.Әлімқұлов, Кертолғау). Бірақ Нақыш қосылған соң да, дабырайып атағы қатты естілген соң оны жанына келгенде, жарғанаттай бірдеме болып шықпаса игі еді деп күмәнданып жүрді (Б.Қыдырбекұлы, Ұры.).