Жарайды

lat: Jaraıdy

модаль сөз. Бір істі, әрекетті қолдау, құптау мағынасында жұмсалатын сөз.

Ендеше, жарайды, Теміркені көндіруді мен мойныма алайын (Ә.Нұрпейісов, Сергелдең). Жарайды, Қаратау, Шу, Сыр бойының қазақтарының басын қосуға біз рұқсат берейік делік (I.Есенберлин, Қаһар). Ә, бәтшағардың айтып отырған сөзін. Ұятты ойлайсың, ә, тағы! Жарайды, жақсылықпен біткен істің бәрі де жақсы (Б.Нұржекеев, Күтумен өт.). Жарайды, жігітім. Үйге жүріп қымыз іш! деді (І.Жансүгіров, Шығ.).