lat: Jara
етістік. 1. Үлек пен бураның келеге түсер кезіндегі масаңсып беймазалануы, шаптығуы.
[Сары бура] қысты күндері жарағанда, төбе басында әліптей болып, шаншылып тұрмас па еді (Б.Қыдырбекұлы, Ұры.). Көн садақты, күн бетті, жараған бура келбетті, Жалғыз оғын атқанда, Мың кәпірді еңіретті (Бес ғасыр.). Сол мырзаның кісіге шабатын шолақ қара бурасын қаңтарда жараған кезінде бастау басында шайнап өлтірген (З.Жәкенов, Таң самалы). 2. Баптау арқылы аттың етін таралту, шынықтыру. Қамшыдай болып жарап алған қос шабдар Торғайдың түтіндеген төбесін бесінші тәулікте көзге шалындырып еді (Ж.Молдағалиев, Айналайын.). Осы бар ғой, бәріміздің де атымыз қаншырдай қатып жараған (С. Жүнісов, Ақан сері).