Жарамазан

lat: Jaramazan

зат есім. сөйлеу. Жарапазан.

Қалай бастайтыныңды ұмытқан жоқсың ба? «Бір келген он екі айда жарамазан» (Ә.Нұрпейісов, Сергелдең). Жарамазан Айдала да шоңқиған қоян жазған! Үйің, үйің үй екен, үйің көркі ши екен! (I.Жансүгіров, Әңгім.). Жарамазанды ел кезіп жүретін адамдар, әдетте ораза кезінде айтады (Х.Досмұхамедұлы, Шығ.). Өзіңді бай, біздерді кедей көріп, Болыпсың санаспақшы артық–кемді, Жарамазан айтушы азаншыға, Дулаттың кең пейілі мейірленді (Айтыс).