Жарамсыздық

lat: Jaramsyzdyq

зат есім. Қабілетсіздік, іске аспайтындық, іске татымайтындық.

Театрымыздың жақсы ұйымдастырылмай келуі де жарамсыздығымыздың белгісі (С.Сейфуллин, Шығ.). Су өткізбейтін сұйықтық теріге түгел сіңбесе ол да жарамсыздықтың белгісі (С.Бердіқұлов, Жұмыр жер.). Осы күнгі тұтынып отырған бастауыш мектептердің жарамды, жарамсыздығын тексеріп, сонан соң керек мектебі қай түрлі болу жайын сөйлеу тиіс (А.Байтұрсынұлы, Жаңа низам).