Жарақаттану

lat: Jaraqattaný

Жарақаттан етістігінің қимыл атауы.

Жолдас кіші политрук, сізге не болды? Жарақаттанудан саумысыз? (Ж.Тілеков, От кешу). Әр семьяның жеке үй аптекасы болғаны жақсы. Өйткені ойламаған жерден дененің қызуы көтерілуі, күйіп қалу, не қолды кесіп алу, жарақаттану, жүректің, басқа да аурулардың ұстамасы қайталануы мүмкін («Мәдениет және тұрмыс»). Осындай себептерден болатын аурулардың қатарына олардың түрлі жарақаттануларын да жатқызуға болады (Ғ.Әбішев, Мал. жарақат.).