Жаратылыстану

lat: Jaratylystaný

Табиғат туралы ғылым, тұтас алынған жаратылыстану ғылымдарының жиынтығы,адам ілім ғылымның негізгі үш саласының бірі. Жаратылыстану –өнеркәсіп және а.ш техникасы мен медицинаның теориялық негізі,филос.материализм мен табиғатты диалект тұрғыдан ұғынудың табиғи ғылым іргетасы. Жаратылыстанудың зерттеу объектісі материяның әр алуан түрлері мен олардың табиғаттағы қозғалыс формалары, олардың байланыстары мен заңдылықтары. Өзінің мазмұны және табиғат құбылыстарын зерттеу әдістері жағынан. Жаратылыстану-эмпирикалық және теориялық болып ал,өз объектісінің сипаты бойынша өзіне өлі табиғаттың қозғалу формаларын тақырып ететін органикалық емес және тіршілік құбылыстарын тақырып ететін болып бөлінуі мүмкін. Жаратылыстану ішкі құрылымы,ғылымдардың саралануы осымен анықталады. Табиғат туралы ғылымды яғни физикалық ғылымды әлемнің бейнесін әзірлеуге қатыса отырып Жаратылыстану негізінен өзінің теориялық жағынан сондай-ақ ғылыми зерттеулерінің тәсілдері мен әдістерін әзірлеуі жағынан философиямен ұштасады, ол философияның дамуына тікелей ықпал етеді,табиғат туралы ғылым ретінде ашылған жаңалықтарға байланысты материализм формаларының ауысуына заңды түрде себепші болады. Екінші жағынан жаратылыстану техникамен,өндіріс процесімен мейлінше тығыз байланысты. Өндірістің рухани потенциалы бола отырып, Жаратылыстану Сол арқылы өз тарапынан тікелей өндіргіш күш ретінде көрінеді, оның үстіне жаңа қоғам құрылысы процесінде Жаратылыстанудың бұл әлеуметтік функциясы барған сайын толық көрінеді. Жаратылыстану дамуының жалпы барысы табиғатты тікелей аңғарудан басталып,оны талдампаздықпен бөлшектеу,мұның өзін нығайту мен абсалюттендіру, сондықтан да табиғатқа метафизикалық  көзқарасқа айналдыру арқылы табиғаттың жан-жақтылығын, тұтастығын және нақтылығын қоса,оның көрінісін синтез арқылы жаңғыртуға қарай өтеді. Диалектиканың жаратылыстануға 10-ғасырда стихиялы түрде енуін 20-ғасырда Жаратылыстану дағдарысы асқындыра түсті. Қазіргі жаратылыстанудың өзегі 20 ғасырдың ортасикалық на дейін физика болды,ол атом энергиясын пайдалану әдістерін іздестірді және микродүние саласына атомның, атом ядросының элементар бөлшектерінің тереңіне бойлай өнеді. Физикалық жаратылыстанудың басқа салаларының –астрономияфның,кибернетиканың, биониканың,химияны,биологияның және т.б жеделдетті. Химиямен,метематикамен және кибернетикамен бірге физикалыұ молекулярлық биологияға жасанды биосинтез міндетін шешуде теориялық және тәжірибиелік тұрғыдан көмектесіп, тұқым қуалаушылықтың материалдық мәнін ашуға жірдемдесті. Физикалық-химиялық байланыстарының табиғатын тануға, космогония мен космология проблемаларын шешуге себепші болды. Қазіргі жаратылыстану ұсынып отырған философиялық проблемаларды терең зерттемейінше материалистік диалектиканы дамыту мүмкін емес. Жаратылыстанудың қазіргі қоғам өміріндегі рольінің барған сайын арта түсуі ғылыми-техникалық революцияға соны серпін беруде.