Жаратылыстану

lat: Jaratylystaný

зат есім. Жаратылыс, табиғат туралы ғылым.

Республика бойынша шетелге шығатын жаратылыстану, медициналық, ғылыми-техникалық әдебиеттің үштен бірі «Ғылым» баспасының үлесіне тиеді («Қаз. әдеб.»). Мысалы, №421 орта мектептің жоғары класс оқушылары оқушылар лекториінде жаратылыстану білімдерін белсенді насихаттап келеді («Қазақст. әйелдері»). Ай, Күн тұтылуын, жер сілкінуді, жанартаулар атқылауын дұрыс түсінген кезінде парсы патшасы Кир мен грек патшасы Ганнонның дүниежүзілік саяхаттары Шығыстың жаратылыстану ғылымына көп әсер етті (Н.Баяндин, Ғасыр. қойнауы.).