Жаратылыстану ғылымдары

lat: Jaratylystaný ǵylymdary

Табиғатты зерттеумен айналысатын ғылымдардың жиынтық атауы; табиғат құбылыстары мен олардың дамуының жалпы заңдарын танумен шұғылданатын ғылымдар жүйесі.

Жаратылыстану ғылымдары, біріншіден, ғылымда дәлдігімен және жүйелілігімен, екіншіден, табиғат қорларын пайдалану құралы ретіндегі өзінің практикалық мәнімен ерекшеленеді (ҚҰЭ). Кейбір табиғат зерттеуші ғалымдар математиканы жаратылыстану ғылымдарына жатқызбайды, бірақ осы ғылымдардың таным құралы ретінде қарастырады (ҚҰЭ). ХV-ХVІ ғасырларда жаратылыстану ғылымы дами түсті (Н.Баяндин, Ғасыр. қойнауы.). …Миды зерттеу мәселесі жаратылыстану ғылымдарының ең қиын проблемаларының бірі (О.Жәутіков, Жаратылыстану.).