етістік. 1. Жарғызу, жарақаттау. Ұрыссаң, ханым бізге өкпелер деп, Жардырып ап бастарын қайтып келді (Қозы Көрпеш.). Суһрап еді өмірлік жан жолдасым. Оны алдап Рүстемге ұрыстырып, Жардырып бүйірін, жойдың басын (Т.Ізтілеуов, Рүстем.). 2. Тілгізу, бөлдіру. Жерді қоныс демеді – Елек пенен Жайыққа Қайтарусыз қонбаса. Тоғайды тоғай жардырып Малды нуға салмаса (Кердері Әбубәкір, Қазағым).