зат есім. 1. Жарқ-жұрқ еткен жарық. Ток кенет өскен кезде лампыда жарқыл пайда болып, жалынды разряд туады (К.Айманов, Физика.). 2. Шағылысқан сәуле. Көргемін жай отының жарқылында, Қақтығысын бұлттардың қалқуын да, Шұғыласы шұбалып қалып қойған, Алқа болып аспанның алқымында (М.Мақатаев, Шығ.). 3. ауыспалы мағына. От сезім. Қанша мадақ, асыл сөз, алтын өлең Айтар едім ақындық салтыменен. Айтар едім шабытты шарқ ұрумен, Кеудемдегі найзағай жарқылымен (Ғ.Қайырбеков, Көнсадақ). Қақтығысқан отты сөздер арқылы Қалт тоқтатар оқыс шабыт жарқылы... Көшеде де, Моншада да, Үйде де – Жұмыс істеп жатады ой шарқ ұрып (Қ.Мырзалиев, Мәңгі майдан).