Жарқылдау

lat: Jarqyldaý

Жарқылда етістігінің қимыл атауы. 1. Жарқ-жарқ, жалт-жалт ету. Теңіз астында найзағай көбейген, жарқылдау көбейген (Ғ.Мүсірепов, Кездесп. кет.). 2. ауыспалы мағына. Көз тартатын қымбат, әдемі киімдер киіну, көзге түсу. Көп көзінше жарқылдауды жек көретін ол жәрмеңке күндерінде де жарқылдамай, жұпыны түрде ғана жүрді (С.Мұқанов, Аққан жұлдыз).