Жарқылдас

lat: Jarqyldas

етістік. 1. Жарқ-жұрқ етісу, жарқырасу. Келесі жолы казак-орыстар қару-жарақтарын түгел асынып жарқылдасып шықты (Ғ.Мүсірепов, Таңд. шығ.). 2. ауыспалы мағына. Ашық-жарқын жүрісу, бір-біріне ашық-жарқын амандасу. Сол өмірде өзің ұнатқан жақсы қызбен осылай жарқылдасып, жарасып жүрген қандай бақыт (С.Досанов, Қыран.). Жұрт жағалай жарқылдасып жатқанға ма, Қоспан Қасболаттың пейілін қайтарған жоқ (Т.Ахтанов, Боран). Жарқылдасқан жан анау, Егін анау, мал анау (Ә.Ахметов, Жерұйық).