Жартастағы суреттер [жартас суреттері]

lat: Jartastaǵy sýretter [jartas sýretteri]

тарихи. Ежелгі дәуір адамының наным-сенімдеріне байланысты ақпараттарды бейнелейтін, тарихи құнды дерек болып табылатын тасқа қашап салынған сызба, кескін, бейнелер. Жартастағы бейнелеу өнерінің ең бір көне әрі неғұрлым жарқын үлгілері қазіргі түсінік бойынша жоғарғы палеолит дәуіріне жатады. Соңғы жылдарда тас ғасырының жартастағы сызбалары мен ойық, суреттері Африканың солтүстігі мен Азия құрлығының түрлі аймақтарынан табылуда («Егемен Қазақстан»). Қазақстанның қола дәуіріндегі жартас суреттерінің негізгі шоғырына Жетісу, Орталық Қазақстан, Каспий өңірі, Алтай аймағы жатады («Егемен Қазақстан»). Жартастағы суреттер рухани және материалдық мәдениет тарихы үшін жан-жақты дерек, ақпарат көздері болып есептеледі («Егемен Қазақстан»).