Жартылай өткізгішті диод

lat: Jartylaı ótkizgishti dıod

физикалық. Жұмыс принципі жартылай өткізгіштердегі p-n ауысуына негізделіп жасалған екі электродты аспап. Пайдаланылатын мақсатына қарай жартылай өткізгішті диодтар ток түзетуші, жоғары жиілікті, өте жоғары желілікті, параметрлі, туннельді т.б. болып бөлінеді (ҚСЭ). Жоғары кернеуге арналған өндірістік түзеткіш ж а р т ы л а й  ө т к і з г і шт і  д и о д т а р 100-200 ампер шамасындағы ток тұрақтандыра алады (ҚСЭ).