Жарылғыш

lat: Jarylǵysh

сын есім. 1. Тез бөлінгіш, омырылғыш. Күннің көзінде қалса, ағаш тез кеуіп, жарылғыш келеді, өңдеуге қиындықтар туғызады (X.Арғынбаев, Қаз. этногр.). 2. техникалық. Оталып тұтанғыш, қопарғыш. Рота командирі жау танкілеріне қарсы жарылғыш гранаталармен және танкіге қарсы оқ ататын мылтықпен қаруланған он солдатты жіберді (Ә.Әлішев, Батыр.). Жігітті танимын. Ол біздің шахтада жарылғыш оқ-дәрі атушы болып жұмыс істейді (І. Есенберлин, Алтын құс). Бұл тіліміздің іргетасына қойылған жарылғыш мина тәрізді әрекет едіҚаз.әдеб.»). // Жарылғыш заттар. Таяу уақытта теміржолға, тасжолға қойылатын жарылғыштар бізге самолетпен жеткізілетін сияқты (Т.Жанкелдин, Партизан.).