а) Оталып тұтанғыш заттар. Техастың Сан-Антонино халықаралық әуежайында аяқ киімінен жарылғыш заттың ізі байқалған ер адам екі сағат бойы қамауда ұсталған («Егемен Қазақстан»). Терроризм мен экстремизмнің және соларға байланысты атыс құралдарының, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттардың, есірткінің заңсыз айналымы, жасырын көші-қон өсуінің келеңсіз үдерісі, саяси, ұлттық және діни егестер жаңа ошақтарының, соның ішінде көршілес мемлекеттердің аумағында пайда болуы Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін нығайту қажеттігін күн тәртібіне қойды («Егемен Қазақстан»). ә) кен ісі. Белгілі бір сыртқы әсердің – бастапқы импульстің ықпалымен жоғары жылдамдықпен басқа жүйелерге немесе заттарға өтуге қабілетті химиялық жүйелер.Жарылғыш заттар дербес және қоспалы болып бөлінеді. Дербес жарылғыш заттарға жататындар: нитрлі эфирлер, нитрлі қосылыстар (Қаз. тілі термин. Кен.). Қоспалы жарылғыш заттарға: аммиакты селитралылар, нитрлі глицеринділер, хлораттылар және перхлораттылар, сондай-ақ оксиликвиттер жатады (Қаз. тілі термин. Кен.). Тау-кен жыныстарын карьерлерде қазып алуға әзірлеудің негізгі әдісі – оларды қопару (жарылыс жасау) (Т.Қалыбеков, Экология.).