етістік. а) Жартылау, екіге қақ бөлу. Су көпке ортақ, жер де көптікі, ештемені жарымдап бөлмейміз (М.Жұмағұлов, Қыран.). ә) Күшін түгел салмау, бар күшін жұмсамау. Жарымдап жүріп-ақ жандарын жаһаннамға жіберсін! – деді Жолтай тістеніп (О.Иманәлиев, Байқадам).