Жарымес

lat: Jarymes

сын есім. Есерсоқ, есалаң, есуас, ақылсыз. Ақыл қайрат, жүректі бірдей ұста, Сонда толық боласың елден бөлек. Жеке-жеке біреуі жарытпайды, Жол да жоқ жарыместі «жақсы» демек (Абай, Тол. жин.). Жарыместі зерек десең сол жаман, Жаман ұлды өбектесең сол жаман. Әйеліңе, Бала-шаға, Туысқа Бір адамға керекпесең сол жаман! (Қ.Мырзалиев, Мәңгі майдан). Атадан бала ойы өзге, Санасыз, ойсыз, жарымес Өз ойында ар емес (Абай, Тол. жин.). 2. экспрессивті. жағымсыз. Біреудің ойланбай істеген қателігіне немесе есерсоқ қылығына ашуланғанда айтылатын кейіс сөз. Көрмессің Қарабайдай жарыместі, Бірталай көше-көше күні кешті (Батырлар жыры). Өй, жарымеc! Өй, шірік ит! Жынды көбелек болып, отқа түсіп кетсейші! (Ж.Аймауытов, Шығ.).